Тест туралы

QAZAQ RESMI TEST — қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтаудың онлайн-сервисі. Тестті онлайн режимінде өзіңізге ыңғайлы уақытта тапсыруға болады.

Тест 5 бөліктен тұрады және 5 тілдік дағдыны анықтайды:

Тыңдалым

Ақпаратты есту арқылы қабылдауы

Лексика-орфография

Жазу нормаларын білуі

Оқылым

Мәтіннен қажетті ақпаратты анықтай алуы

Жазылым

Аргументті мәтін құрастыру дағдысы

Сұхбат

3 сұрақ бойынша ойын жан-жақты жеткізуі

* Тест бөліктерін онлайн платформада орналасқан ретімен бірден өту қажет.

* CEFR — кез келген тілді меңгеру деңгейін бағалаудың халықаралық жүйесі. Тілді меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттілігіне сәйкес бағалау құрылымы 6 деңгейге бөлінеді.

* QAZAQ RESMI TEST әдіснамасы «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктерінің Ұлттық стандарттары (СТ РК 1927-2015, СТ РК 1925-2015, СТ РК 1929-2015)» негізінде әзірленген.

CEFR шкаласы бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейі:

Деңгей Сипаттамасы
A1
Қарапайым деңгей
Қарапайым лексика, жай сөйлемдер құрастыру. Сұхбатта қарапайым фразалар мен сөз тіркестерін қолдану.
A2
Базалық деңгей
Жай сөйлемдермен қарапайым мәтін құрастыру. Өз пікірін жай сөйлемдермен жеткізу.
B1
Орта деңгей
Тақырыптың өзектілігін аша отырып мәтін құрастыру. Пікірін дәлелді жеткізу.
B2
Ортадан жоғары деңгей
Нақты мысалдар келтіре отырып аргументті мәтін құрастыру.
C1
Жоғары деңгей
Талдамалы-сараптамалық мәтіндер жазу. Аудитория алдында баяндама жасап, күрделі сұрақтарға жауап беру.
C2
Жетік деңгей
Кәсіби терминология мен әдеби тілдік нормаларды сақтай отырып баяндама жазу және шешен сөйлеу.

Пайдаланушыға

Авторизация

Тіркеу

Сұрақ-жауап 

Тест туралы

Тест туралы

Тест құрылымы және мазмұны туралы

Жүйе туралы

Пользователи системы

Байланыс

Қазақстан Республикасы 010000 Астана қ.

E-mail: info@qrt.kz

Instagram: @qrt.kz

©2026 QRT